Жекпе-жек • 25 Қараша, 2021

Бос сөзді ұнатпаймын, Чимаев хайп жасап жүр – Шавкат Рахмонов

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-ге ауысқалы бері де жанкүйерлерді жеңістерімен қуантып келе жатқаны мәлім. Ол жартылай орта салмақтағы танымал спортшы Хамзат Чимаевпен кездесуге шығу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бос сөзді ұнатпаймын, Чимаев хайп жасап жүр – Шавкат Рахмонов

«Маған күн сайын «Чимаевпен қашан шығасың? Соны ойсырата жең» деп жазатындар аз емес. Өз кезегімде мен оларға: «Асықпаңыздар, бәрінің уақыты келеді. Сол кезде сегіз бұрышта жолығамыз», деп жауап беремін. Чимаев алға кетіп қалғаны белгілі. Әзірге оны шайқасқа шақырудың маңызы шамалы. Әлбетте, ол қазір хайп жасап жүр. Ал мен ешкімнен қорықпаймын. Тек бос сөзді, бос сөйлегенді ұнатпаймын», дейді қазақстандық спортшы.

Шавкат соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Мишель Празереспен сегіз бұрышта кездесіп, қарсыласын екінші раундта самбишн әдісімен мерзімінен бұрын жеңгені жанкүйерлердің жадында.