Кәсіпқой бокс • 25 Қараша, 2021

Жәнібек аз уақытта чемпиондарды жеңеді – Хассан Н'Дам Н'Жикам

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта сынға түсіп жүрген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген француз боксшысы Хассан Н'Дам Н'Жикам қазақ оғланының шеберлігіне тәнті болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жәнібек аз уақытта чемпиондарды жеңеді – Хассан Н'Дам Н'Жикам

«Қарсыласыма зор алғысымды білдіргім келеді. Ол соққысы жойқын, өзі мықты жігіт. Жәнібектің болашақ чемпион екендігіне күмәнім жоқ. Жәнібек менің кәсіби мансабымдағы ең бір қиын қарсылас болды. Әрине, жекпе-жекті жалғастыра алатын шамам бар еді. Алайда ол менің бүкіл жоспарымды жоққа шығарды. Жәнібек рингте өте жылдам қимылдайды. Жас болған соң да солай шығар. Үлкен жетістіктерге жетуге барлық мүмкіндігі бар. Қазақ боксшысына тек табыс тілеймін. Менің ойымша ол аз уақытта өз салмағындағы мықтылардың бәрін жеңеді», дейді француз боксшысы.