Кәсіпқой бокс • 26 Қараша, 2021

Вася, бұрышта темекіңді шегіп, тыныш тұр! – Сергей Городничев

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Владимир Кличконы жаттықтырған маман Сергей Городничев екі дүркін Олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокста үш салмақта әлем чемпионы атанған украиналық боксшы Василий Ломаченконы қатты сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Вася, бұрышта темекіңді шегіп, тыныш тұр! – Сергей Городничев

«Теофимо Лопестікі дұрыс. Ол Василий Ломаченкомен екінші рет шыққысы келмейді. Көп адамдар «Лопестікі қорқақтық, ол Васядан қашып жүр» деген сыңайдағы әңгімені қопсытып жүр. Қорқақ адам қарсыласын жеңбейді. Жігіттер, Лопестікі – ұстаным! Боксшыларда ылғи ақша табуға деген құмарлық қана емес, принцип те болады.

Иә, Вася, бірінші жекпе-жектің келісімшартына жеңілген жағдайда міндетті қарымта кездесу өткізу туралы пункт енгізген жоқ. Бұл – қателік. Енді оған қарымта жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бермейді. Өйткені, Ломаченконың өзі қателесті. Бұндай жағдай басқа боксшыларға сабақ болуы тиіс. Лопес екінші рет Васямен кездесуі үшін қандай жағдай орын алуы керектігін білмеймін. Қысқасы, Вася, өзің қателестің бе, бұрышта темекіңді тартып, тыныш тұр», деді бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 17 қазаны күні жеңіл салмақтың абсолютті чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жекте Василий Ломаченко америкалық Теофимо Лопеске есе жіберген болатын. Өз күшіне қатты сенген Василий Ломаченко басымдыққа ие тарап бола тұра, келісімшартқа қарымта кездесу өткізу туралы пункт енгізбеген. Қысқасы, өзіне тым сенімді болған украиналық боксшы осылайша опық жеді.

 

Соңғы жаңалықтар