ANTIKOR • 09 Желтоқсан, 2021

ANTIKOR басшысы қанша жалақы алатынын айтты

3554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ANTIKOR басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Антикор басшысы алдымен «Astana LRT» ісіне қатысы бар адамдар туралы сұраққа жауап берді. 

«Бұл сұраққа қысқаша жауап берейін, олар халықаралық іздеуде. Олар интерполдың бақылауында бар. Бізде ұстап беру, экстрадиция барлық елмен жоқ. АҰШ-тың ГРЕКО ұйымына кірдік. Біздің келесі жоспарымыз жемқорлық жасаған адамдарды ұстап беру, қайтару бойынша шартты келісімге қол қоюды пысықтап жатырмыз. Интерполдағы тізімдегі адамдардың қабылдануы прокуратураның тізіміне жатады», деді Ахметжанов.

Сондай-ақ брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов журналистердің сұрағына жауап беру кезінде жалақысы туралы да айтты.

«Мен осы қызметке тұрғанда да жалақымды айттым. Ол жасырын емес. Қазір менің жалақым 1 млн 200 мың теңгені құрайды», деді ол.