Фотогалерея • 23 Желтоқсан, 2021

Шымкентте шырша шамы жағылды

85 рет көрсетілді

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінде Бас шыршаның шамы жағылды. «Армандар жұлдыздай жарқырасын!» атауымен ұйымдастырылған мерекелік іс-шара «Астана» алаңында өтті, деп хабарлайы Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 18 метр. Шырша 120 дана иллюминациялық қармен, 360 дана  ойыншықтармен, 424 дана гирляндамен безендіріліп, көше бойына 80 дана жарықдиодты шамдар орнатылды. Одан бөлек, алаңға қойылған 56 дана шағын сәулеттік мүсін мерекенің көркін ашты. Қаланың әр аймақтарында жетпіске жуық фотоалаңдар орнатылды. Оның ішінде шырша символдары, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар. 

ж

Мерекелік шара жас баланың арманын суреттеп, ертегі әлеміне алып баратын театрландырылған қойылыммен басталды. 

д

Шырша шамын жағу рәсімі сән-салтанатымен өтіп, балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Іс-шараға қатысушылар мен қала тұрғындары естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

ж

ж

ж

жж

л

Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасы көтеріле ме?

Экономика • Кеше

Алашорда офицері

Қазақстан • Кеше

471 мың долларға сатылды

Әдебиет • Кеше

Шабыт пен шарап

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар