Елорда • 16 Қаңтар, 2022

Министрліктер мен әкімдіктер «Қазақстан халқына» қорына қаражат аудара бастады

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігінің қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына бір күндік жалақыларын аударды, деп жазады Egemen.kz.

Министрліктер мен әкімдіктер «Қазақстан халқына» қорына қаражат аудара бастады

11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырды. Елорда әкімдігінің қызметкерлері Қорға бір күндік жалақыларын аударды.

Сондай-ақ, бұл тізімді Қарулы Күштердің әскери қызметшілері де жалғастырды. Олар да бір күндік еңбек ақысын «Қазақстан халқына» қорына аударады.

Қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады. Сондай-ақ, қор ТЖ кезінде және ТЖ режимін енгізу кезінде зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетеді, қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау ретінде ұсынылады.

«Қазақстан халқына» қорын қаржыландыру жекеменшік көздерден, ірі бизнес тарапынан түсетін аударымдардан, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, мөлшерлемелерді есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан және т.б. жүзеге асырылатын болады.