Қоғам • 19 Қаңтар, 2022

Мүгедектерге берілетін жәрдемақының орташа мөлшері белгілі болды

910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 51 094 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 43 836 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүгедектерге берілетін жәрдемақының орташа мөлшері белгілі болды

«2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 529,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 168,3 мың адамды құрайды», деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылы қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 391 млрд теңгеден астам қаржы төленді.

2021 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 310,6 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 81,3 млрд теңге бағытталды.

2021 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 7,4 млрд теңге бағытталды.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше