Кәсіпқой бокс • 21 Қаңтар, 2022

Усикті жеңемін, үш дүркін чемпион атанамын – Энтони Джошуа

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Энтони Джошуа украиналық Александр Усикке қарсы өтетін қарымта кездесудің алдында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Усикті жеңемін, үш дүркін чемпион атанамын – Энтони Джошуа

«Келесі жекпе-жекте мен Александр Усикті жеңіп, өзіме тиесілі болған төрт бірдей белдікті қайтарамын. Иә, мен қайтадан әлем чемпионы атануға құлшынып отырмын. Аса ауыр салмақта үш дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткіземін. Адамдарға бұл ұнай ма, ұнамай ма, маған бәрібір», деді ұлыбританиялық боксшы.