Футбол • 24 Қаңтар, 2022

Қазақстан-Финляндия: Екінші ойын – шешуші ойын

753 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни, 24 қаңтардан 25 қаңтарға ауған түні Қазақстан құрамасы футзалдан Нидерланды елінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатында екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Финляндия: Екінші ойын – шешуші ойын

Гронинген қаласында өтетін ойында Қазақстан құрамасы Финляндия елінің жігіттерімен кездеседі. Алғашқы турда күтпеген жерден Словения құрамасымен ұпай бөліскен ұлттық құрама үшін екінші ойын – шешуші ойын. Қазақстандық Parimatch букмекерлік кеңсесі бұл жұпта Қазақстан құрамасын анық фаворит санап отыр. Жалпы қалай болған күнде де доданы жалғастырудан үміті болса, бүгінгі ойында ұлттық құрама жеңуі тиіс.