02 Сәуір, 2014

Әскери ынтымақтастық жайы талқыланды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәжікстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі шеңберінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен кездесті. Кездесу барысында тарап­тар қазақ-қытай әскери және әскери-техникалық ынты­мақ­тастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Қытай Қорғаныс министрлігі ағымдағы жылы Қазақстанда өтетін екі үлкен іс-шара –  «Ал­тын үкі» мергендер жұбы жарысы мен «KADEX-2014» үшін­ші халықаралық көрмесіне қаты­сатынын растады. Әділбек Жақсыбеков пен Чан Ваньцюань тату көршілік және достық қарым-қатынастық негізде құрылған Қазақстан-Қытай өзара тиімді ынтымақтастығының же­місті дамитынына сенім білдірді. «Егемен-ақпарат».