03 Сәуір, 2014

Еліміздегі этномәдени бірлестіктер ел дамуына үлес қосуда

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-04-AssambleiРеспубликамыздағы этномәдени бірлестіктер уақыт көшінен қалмай, ел дамуына үлес қосуда. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады. Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесулер өтті. Осы жиындардан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының  Шығыс Қазақстан облысы бойынша хатшылығы төрағасының орынбасары Еркімбек Аязбеков көшпелі брифинг өткізіп, жұртшылықпен кездесуде көтерілген мәселелер туралы айтып берді. Онда ол Ассамблеяның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыруда этномәдени бірлестіктердің атқарып жатқан жұмысы туралы кеңірек тоқталды. «Бұл тұжырымдаманы іске асыруға жергілікті атқарушы, мемлекеттік органдар, қоғамдық институттар мен этномәдени бірлестіктердің бәрі атсалысып жатыр. Соның ішінде облыстағы барлық этномәдени бірлестіктер Президент Жолдауындағы бағыттарды жүзеге асыруға және өңірде татулық пен қоғамдық келісімнің нығаюына жұмыс істеуде. Біздің этномәдени бірлестіктеріміз Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын қолдауда белсенді қызмет атқаруда. Нақты айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының жауапты өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы Достық үйлерінде кездесулер өткізіп, Жолдаудың негізгі бағыттарын көпшілікке айтып берді»,-деді Е. Аязбеков. Дастан Кенжалин. Дереккөз: Қазақстан халқы Ассамблеясы. Фото: www. Ortcom.kz.