04 Сәуір, 2014

Ұлт мәдениетінің фестивалі

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстағы этномәдени бірлестіктер биылғы Наурызды кең көлемде атап өтті. Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар «Қош келдің, әз Наурыз» концерттік бағдарламасымен басталып, түрлі байқауларға ұласты, көрмелер ұйымдастырылды.

выставка

Наурыз мейрамы ая­сын­дағы шаралар облыстық Достық үйінің көрермендер залында Ақтөбе облыстық мәде­ниет, мұрағаттар және құ­жаттама басқармасының қол­дауымен этномәдени бір­лестіктер арасында өткен «Наурыз – достық мере­кесі» атты қазақ мәде­ниеті фестивалімен қоры­тындыланды. Фестивальға осындағы барлық он сегіз этномәдени бірлестіктер түгел қатысты. Фестивальдағы ха­лықтық-қолөнер шығар­ма­шылығы көрмесіне қа­зақ халқының тұрмысын бей­нелейтін ағаштан, теріден, тастан, темірден, сүйектен, киізден, қыштан, матадан жасалған бұйымдар қойылды. Ұлттық асхана аталымы бойынша қатысушы өзі қа­лаған қазақ халқының ұлт­тық тағамын әзірледі. Шы­ғар­машылық жанрда қаты­сушының қалауы бойынша қазақ ақындарының өлең­дері, қазақ авторлары мен сазгерлерінің әндері, қазақ хал­қының халық билері, салт-дәстүрлері және тағы басқа­лары орындалды. Фестиваль қоры­тын­ды­сында ұлттық асхана жанры бойынша «Вяра» болгар этномәдени бірлестігі, ха­лық­тық-қолөнер шығар­машылығы жанры бойын­ша «Оксана» украин эт­но­мә­дени бірлестігі және шығар­машылық жанры бойынша «Алеся» белорус этномәдени бірлестігі жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды. Фестиваль жылы рәуіштегі достық сипатта өтті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.