04 Сәуір, 2014

Ардагерлер пәтерлері жөнделеді

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Райса Сағынованың айтуынша, облыс орталығында тұратын соғыс ардагерлерінің пәтерлерін жөндеуге қала бюджет қаражатынан  70 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Яғни пәтерлерді жөндеу кезінде ардагерлердің немесе олардың туған-туыстарының барлық өті­ніш-тілектері ескеріледі. Жаңа құрылғылар, бөлмеаралық есік­тер мен жаңа үлгідегі терезелер орнатылады. Өткен жылы да бюджет қара­­­жатына 124 ардагердің пәтері жаңартылған болатын-ды. Со­нымен қатар, 9 мамыр күні Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлері 127 мың теңге көле­мінде материалдық көмек алады. Азық-түлік жиынтығы да ұйым­дас­тырылып, тара­­­­ты­лады. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.