Қоғам • 16 Мамыр, 2022

Болат Әбіловтың қандай партия құратыны белгілі болды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі қазақстандық саяси қайраткер және бизнесмен Болат Әбілов Bizdin Tandau партиясын құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болат Әбіловтың қандай партия құратыны белгілі болды

«Бүгін Bizdin Tandau саяси партиясын құратынымызды мәлімдейміз. Бұл - біздің демократия, бостандық, әділет үшін таңдауымыз», деді ол баспасөз мәслихатында.

Бұл ұйым ҚР Конституциясына өзгерістерді және суперпрезиденттік басқару нысанынан парламенттік басқару нысанына көшуді қолдайды.

Сондай-ақ жаңа партия Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуын және «Самұрық-Қазына» қорын жоюды ұсынып отыр.

Аяна Тоғанбек