Әлем • 11 Тамыз, 2022

Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта саясаткер Тбилисидегі жеке клиникада жатыр. Ол ауруханаға түрмеде жариялаған аштықтан кейін ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр

Невропатолог Отар Тоидзе Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге барғаннан кейін оның жағдайы жайлы айтты. Оның айтуынша, алдағы күндері медициналық дәрігерлер тобы Саакашвилидің денсаулығы туралы қорытынды есеп беру үшін келеді.

«Біз Михаил Саакашвилиге бір айға жуық бармадық. Оның қазіргі жағдайы туралы тек бұқаралық ақпарат құралдарынан және дәрігерлермен қысқаша сөйлесуден білеміз. Михаил Саакашвилиге бірінші және соңғы сапарымның арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Ол сөйлеуге қиналмаған, жүруде қиындық көрмеген адам еді. Сондықтан, мүмкін, келесі күні біз оған объективті бағамен қорытынды жазу үшін барамыз. Бұл үшінші дәрежелі ауру, соңғы, яғни өлім алдындағы кезең», деді Отар Тоидзе.

Михаил Саакашвили өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін екі қылмыстық іс бойынша алты және үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тбилиси қалалық сотында тағы үш айып бойынша тыңдау жалғасуда.