Қоғам • 05 Қазан, 2022

Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жигули Дайрабаев кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды

«5 қазанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсынуы туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Дайрабаев Жигули Молдақалықұлының құжаттары ұсынылды», делінген хабарламада.

4 қазанда Мейрам Қажыкен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырды.

30 қыркүйекте Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Жигули Дайрабаев – «Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің және Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады.