Өнер • 30 Қаңтар, 2023

Астана кешінде – «VIVA MUSICA!»

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен симфониялық оркестр көрермендерді әлемдік және отандық музыка классикасының жарқын туындыларымен таныстыратын «VIVA MUSICA!» топтамасынан кезекті концерт ұсынды.

Астана кешінде – «VIVA MUSICA!»

Кеш бағдарламасында Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай» симфониялық күйі, Алмас Серкебаевтың «Шалқыма» симфониялық поэмасы, Арам Хача­ту­рянның Лопе де Веганың «Вален­сианская вдова» комедиясына сюитасы және Оркестрмен скрипкаға арналған шығармасы бар. Кеш қонағы – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лау­реа­ты, скрипкашы Жібек Мүсірғалиева.

«…Мен музыканы бақытқа кенелген шағымда жаздым. Оған қоса ұлымның дүниеге келгенін күтіп жүргенмін. Бұл шабыттанған күйімнің арқасында өмірге деген құштарлығым музыкаға айналды», деп еске алды КСРО халық әртісі Арам Хачатурян.

Филармония көрермендері А.Хача­турянның шығармаларынан бөлек қазақ музыкасының інжу-маржандары саналатын жарқын шығармаларды да тыңдайды. Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай» симфониялық күйін музыкатанушылар қазақ өнерінің биік туындысы деп бағалайды. Ал Алмас Серкебаев оркестрлік «Шалқыма» пьесасын халық композиторы Жантөренің аттас күйінің тақырыбына жазған. Тегеурінді туынды кең өрісімен, еркіндігімен тыңдарманды баурап алады. Бас дирижер – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсембаев.