Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Тәуелсіздіктің ырысы келер ұрпаққа мол болса екен – Илья Жақанов

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда тұратын композитор, Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіздіктің ырысы келер ұрпаққа мол болса екен – Илья Жақанов

Өткен жылы Қазақстанның Еңбек Ері атанған Илья Жақанов Атырау қаласындағы №7 сайлау учаскесіне тіркелген. Ол бұл сайлау учаскесіне дауыс беруге зайыбы Тиыш Алтаевамен бірге келді.

«Бүгінгі сайлау – ел өміріндегі үлкен оқиға. Бәріміз үшін бұл сайлаудың мәні де, маңызы да зор. Сол себептен, осы сайлауда тек біз ғана емес, барша жұрт сенетін, жауапты жұмыстар мен үлкен істердің басы-қасынан табыла білетін, қоғамда өзінің ерекше орны бар, өзінің емес, тұтас қоғамның қамын ойлап, болашағына бейжай қарамайтын кандидатқа дауыс бердік. Жаңа Қазақстанның келешегі жарқын болуы үшін серпінді істердің жүзеге асуына ұйытқы болатын қайратты, іскер, адал депутат қажет. Елдің сеніміне ие болған сондай депуттаттар ғана әділетті қоғамды құратын болады. Осы тұрғыдан айтқанда, бүгінгі сайлауда жігерлі, білікті, білімді кандидаттың ғана жұлдызы жануы керек. Жаңаруға бет бұрған Қазақстанымыздың болашағы сәулелі, қадамы еркін болып, тәуелсіздіктің ырысы мен бақыты келер ұрпаққа жайлы болса екен», деді Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов.