Елорда • 26 Мамыр, 2023

Вена құжаты – маңызды келісім

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты бойынша халықаралық семинар өтті.

Вена құжаты – маңызды келісім

Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Германия, Ита­лия, Қырғызстан, Моңғо­лия, Нидер­ланд, Тәжікстан, Түрік­менстан, Франция верифи­кация­лық орта­лықтарының, сондай-ақ ЕҚЫҰ және АӨСШК өкілдері қатысты.

Семинарды ашқан Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының бастығы, полковник Қанат Әу­бәкіров қатысушыларға алғы­сын білдіріп, ЕҚЫҰ-ның Ас­танадағы бағдарламалар кеңсе­сіне ұзақ уақыт және же­міс­ті ынтымақтастығы мен қол­дауы үшін алғысын білдірді.

– Вена құжаты – ЕҚЫҰ қызметінің әдеттегі қару түр­лерінің деңгейін бақылау және сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту жөніндегі елдер арасындағы қарым-қатынас­тарда ынтымақтастыққа, ашық­тыққа және верификация режі­мін сақтауға негізделген пәр­менді құралдарының бірі, – де­ген ол бұл келісімнің маңызды екенін атап өтті. Қор­ға­ныс министрлігінің өкілі әріптестерін еліміздің қару-жарақты бақылау және жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы халықаралық өзара іс-қимылдың әрқашан белсенді қатысушысы болып қала беретінін жеткізді.

Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі бас­шысының орынбасары Юрий Фенопетов пен АӨСШК Бас хат­шысының орынбасары Чи Фан ханым сөз алып, Қазақ­стан, Беларусь, Италия, ГФР, Франция, Бенилюкс елдерінің қару-жарақты бақылау сала­сын­дағы үкіметаралық ұйы­мы, Орталық Азиядағы қауіп­сіздікті нығайтудың ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсесінің тәжіри­бе­лері таныстырылды.

Іс-шараның тәжірибелік бөлігі Ақмола өңірлік гарнизо­нының 68665 әскери бөлімінде өтіп, іс-шараға қатысушылар Вена құжаты шеңберінде бағалау бойынша оқу-жаттығуды тамашалап көрді.