Экономика • 15 Қараша, 2023

Ел экономикасы 4,9 пайыз өсті 

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ел экономикасы 4,9 пайыз өсті 

Есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ды құрады.

«Оң динамика нақты секторда – 3,8%, қызмет көрсету саласында – 5,4% өсті. Құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік салаларында ең жоғары өсім байқалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6 пайызды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%, денсаулық сақтауда – 40%, саудада – 38%, білім беруде – 18%, ауыл шаруашылығында – 8,7%, өнеркәсіпте – 8,3% өсті», деді министр.

Сондай-ақ алдын ала қорытынды бойынша қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4% өсіп, 102 млрд долларды құрады. Экспорт 57 млрд-тан астам долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 18 млрд долларға жетті, тауарлар импорты 44 млрд-тан астам долларға жетті. Оң сауда балансы 13 млрд долларға тең.