Қоғам • 05 Желтоқсан, 2024

«Самұрық-Қазына» қолдауымен ерекше қажеттілігі бар жастар IT мамандықтарын меңгерді

96 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында ерекше жастарға арналған оқудың қорытындысы шығарылды.

«Самұрық-Қазына» қолдауымен ерекше қажеттілігі бар жастар  IT мамандықтарын меңгерді

Қатысушылар үш бағыт бойынша цифрлық маман­дық­тарға оқыды: No Code əзірлеу, UX/UI design, жа­cан­ды сана (AI) маманы. Нəтижесінде, білім алу­шы­­ларға курсты сəтті аяқ­та­ға­ны туралы сертификат бері­ліп, 10 үздік жобаның авторы ҮЕҰ-дан 100 000 теңгеге дейінгі коммерциялық тап­­сырыстар алды. Тиісті дəріс­тер осы жылдың шілде айында басталғаны аян. Осылайша, еліміздің түкпір-түкпірінен 1800 өтініш түсіп, оның ішінен 18 бен 35 жас аралығындағы 180 адам іріктеліп алынды. Олардың басым бөлігі – студенттер, əртүрлі топтағы мүгедектігі бар жандар.

Жобаға қатысушылардың айтуынша, аталған жоба оларға сұранысқа ие цифр­лық кəсіптерді меңгерумен қатар, өмірде өз жолын табуға тамаша мүмкіндік береді. Оқушылар бағдарламаның арқасында өздеріне деген сенімнің артқанын, тəжірибелік дағдылар бұдан əрі жұмысқа орналасуға жол ашқанын айтады.

дд

«Жобаға қатысу бізге UX/UI дизайны саласындағы сұранысқа ие дағдыларды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өз қабілетімізге деген сенімді арттыруға мүмкіндік берді. Өз басым кəсіби өсуге және табысты жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін құнды тəжірибе жинадым. Бұл бағдарлама өз қабілетімді іске асыру, мансаптық мақсат­тарыма жету жолындағы маңызды қадам болды», дейді Жамбыл облысынан жобаға қатысушы Дина Сматлда.

Лагерьдің ашылуында «Самұрық-Қазына» қоры­ның басшысы Нұрлан Жақыпов мəлімдегендей, курс қатысушыларына қор­дағы компаниялар тобына жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

ддд

Марапаттау рəсімінде қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қазіргі уақыт­та қорда үш мыңға жуық ерек­ше қажеттілігі бар қыз­меткер жұмыс істесе, тек соңғы 10 айда 447 адам жұмысқа орналасқанын жет­кізді. Ол қор тарапынан ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау көрсету жалғасатынын атап өтті.

Игі істі қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ «Shell» компаниясымен, «IteachMe» қорымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

 

Алдаберген КЕМПІРБАЙ