04 Ақпан, 2015

Ұрпақтары ұмытпайды  

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызме­тінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының бір топ қызметкері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облыстағы «Ерлік» мұражайына келіп, жауынгерлер рухына тағзым етті. «Батыр бабаларға тағзым» деп аталатын шараға әске­ри­лерден бөлек, олардың отбасылары да қатысты. 1885_okoКүндей күркіреп өткен соғыс лаңы жаралы жүректерден жазылған жоқ. Соғыста хабарсыз кеткен жауынгерлердің дерегі әлі табылып жатыр. Олар жасаған ерліктер де жинақталуда. Мұражай меңгерушісі Ақмарал Құдай­бер­генова осындай деректермен қатар, жыл бойы Жеңістің 70 жылдығына байланысты атқа­ры­латын іс-шаралардың бірпарасын айтып өтті. «Оңтүстік» өңірлік басқармасының да Жеңіс ­­сарбаздарына лайықтаған тосын сыйы бар екен. Оны мереке кезінде майдангерлерге тарту ететін­дік­терін жеткізді. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ.