05 Ақпан, 2015

Серіктестік серпіні

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен жалпы құны 68,4 миллиард теңгенің серіктестік туралы меморандумына қол қойды. Аталмыш мәселе Үкіметтің қаң­тарда бекітілген «Өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың 2015 жылға арналған жоспарлы шаралары» туралы маңызды құжатты жүзеге асырудан туындады. Серіктестік туралы меморандум еліміздің экономикасын одан әрі дамытудың ауқымды мемлекеттік шараларына арналған. Оның ішінде өндірістегі қазақстандық үлесті көбейту мен жергілікті тұрғындарды жұмыс­пен қамтудың маңызы зор. Таяу арада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана қала­сының бірқатар өндірістік кәсіп­орын­дарымен өзара серіктестік туралы уағдаластыққа қол қоюды жос­парлап отыр, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.