05 Ақпан, 2015

Бір күнде үш амбулатория пайдалануға берілді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_7229Өзге аудандармен салыстыра қарағанда облыс орталығына таяу орналасқан Зеленов ауданы тұрғындарының саны көбірек өсіп келеді. Бұл жағымды жайт табиғи өсім есебінен де, сонымен бірге, ішкі көші-қонның артуынан да анық байқалады. Ендеше, әлеуметтік-тұр­мыстық және денсаулық сақтау нысандарын тұрғызу ісі де тұрғындар талаптары мен үндестік табуға тиіс. Оған облыстың Трекин, Махамбет және Мичурин ауылдарында бір күнде үш дәрігерлік амбулатория қатар ашылуы дәлел. Айталық, мұнда алғашқы екі ауылдағы медициналық-санитарлық көмек беру нысанына қажетті 198,8 миллион теңге қаражат жергілікті бюджеттен жұмсалса, соңғысына 158,8 миллион теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Жаңа үлгідегі кірсе шыққысыз қос қабатты сың­ғырлаған ғимаратта тәулігіне жет­піс бес адам ем қабылдай алады. Ал бұдан кейінгі екі дәрігерлік амбулаторияда да он бес минуттың ішінде алпыс адамнан анализ алып үлгеруге мүмкіндік бар. Әлеу­меттік құрылыстардың сапасы мен пай­далануға берілу мерзім мемлекеттік акт талаптарына сәйкес келеді. Тағы бір айта кетерлік мәселе, барлық амбулаториялар заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Ең бастысы, жаңа амбулатория ғима­раттарының пайдалануға берілуіне орай жергілікті тұр­ғын­дар дертін анықтау және емделу үшін аудан, облыс орта­лық­тары­на сабылмайды. Олар алғаш­қы медициналық-сани­тар­лық көмек­тің барлық кешен­ді түрлерін өз ауылдарында алады, – деді Батыс Қазақстан облысы әкім­інің орынбасары Бақтияр Мәкен. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы. Суретте: Мичурин ауы­лын­­дағы жаңа дәрігерлік амбула­то­рия­ның сыртқы көрінісі. Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАНБЕТОВ.