Экономика • 29 Қаңтар, 2025

ҚҚС көтерілсе Үкіметтің де жауапкершілігі артуы керек - сарапшы

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

28 қаңтар Президент төрағылығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер - министр Олжас Бектенов мемлекеттік қаржыны ны­ғайту және бюджетті тұрақ­тан­­дыру үшін қосымша құн салығын қазір­гі 12%-дан 20%-ға дейін арт­тыруды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

ҚҚС көтерілсе Үкіметтің де жауапкершілігі артуы керек - сарапшы

Кейінгі 12 жылда қосымша құн салығының мөлшерлемесі 12% деңгейінде қалып, айтарлықтай өзгермеген. Осындай дерек келтірген Олжас Бектенов мұндай өзгеріс бюджет кірісін көбейтіп, Ұлттық қордан трансферттерді тоқтатуға мүмкіндік беретінін алға тартты. 

Еуразиялық интеграция Институтының жетекші сарапшысы Нұралы Камал ҚҚС көтерілсе, Үкіметтің де бизнес алдындағы жауапкершілігі арту керек екенін атап өтті. 

«ҚҚС көтеру туралы түпкілікті шешім қабылданар алдында экономикалық және әлеуметтік салдар ескеріліп, егжей-тегжейлі талдану қажет. Мысалы, бұл өзгеріс үкіметтің коммуналдық қызметтер, газ және бензин бағаларын ырықтандыру жоспарларына қаншалықты сай? Әзірленіп жатқан Салық және Бюджет кодекстеріне қаншалықты сәйкес келеді? Бұл сұрақтар басы ашық күйінде қалып отыр. Үкімет реформаның оңтайлы нұсқасын таңдап, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Алда қабылданатын шешімдер сарапшылар ортасында жан-жақты талқыланып, негізгі адресаттарға, яғни, миллиондаған бизнес иелеріне жетуі керек», деді Нұралы Камал. 

Сарапшы пікірінше, Үкімет мұндай қадамға мәжбүрлі түрде барып отыр. 

«Бүгінде бюджет тапшылықты бастан кешіріп жатыр. Бұл процесс мемлекеттік шығындарды жабу үшін қосымша кірістердің болуын талап етеді. Екінші жағынан, салық салуға жататын кәсіпкерлер үлесін арттыру тиімді бюджет жүйесін және дамыған нарықтық экономиканы құруға ұмтылатын елдер үшін қисынды қадам болып табылады. Мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі қайта қарастыратын мұндай шаралар мемлекет қазынасын толтыру тұрғысынан шынымен батыл әрі тиімді болуы мүмкін, деді Нұралы Камал. 

 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше