Тағайындау • 19 Наурыз, 2025

«Qazaqstan Investment Corporation»-ға жаңа басшы тағайындалды 

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен 2025 жылғы 17 наурыздан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Дидар Нұрлыбекұлы Қарымсақов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Qazaqstan Investment Corporation»-ға жаңа басшы тағайындалды 

Дидар Қарымсақов М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы жұмыс өтілі 15 жылдан астам, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 жылдан астам уақыт істеген. Еңбек жолын «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-та құқықтық қамтамасыз ету секторының заң мәселелері бойынша кеңесші болып бастаған.

2008-2019 жылдары мемлекеттік және жеке сектордағы түрлі компанияда жұмыс істеді: «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «QazTrade» ССДО» АҚ.

Ол бұған дейін «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-та басқарушы директор қызметін атқарды. Мекеме 2023 жылы ребрендингтен кейін атауын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ деп өзгертті. Басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін QIC «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.