Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозуды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ж.Баррозуға алғыс айтты.
– Еуропалық комиссияға Сіз төрағалық еткен кезде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы он есе артты. Сіздің пәрменді ықпалыңыз, достық көмегіңіз арқылы біз Қазақстан мен ЕО-ның кеңейтілген серіктестігі және ынтымақтастығы туралы келісім жобасына қатысты келіссөздер аяқталғаны жөніндегі құжатқа қол қойдық. Еуропалық одақ біздің негізгі сауда серіктесіміз болып қала бермек, – деді Қазақстан Президенті.
Ж.Баррозу өз қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік бұдан әрі өрістеп, оның аясы кеңейе береді деп үміттенетінін жеткізді.
– Еуропалық комиссияның төрағасы ретінде мен Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз серіктестікті қолдау үшін қажет болған бар күш-жігерімді салдым және өзімнің оған қосқан үлесімді зор мақтаныш тұтам. Сондай қарым-қатынас орнату үшін Сіздің тікелей атсалысуыңыз да өте маңызды болды, – деді Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ж.Баррозуды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше