Туризм • Бүгін, 11:30

Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда туризм саласының табысы 5 трлн теңгеге жетті. Қазіргі уақытта бұл салада 600 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті

Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, шетелдік туристердің Қазақстан аумағында жұмсаған шығындары 2,9 млрд долларды құраған. Сонымен қатар туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Салық түсімдері де 18 пайызға өсіп, 630 млрд теңгені құрады.

«Саланы одан әрі дамыту мақсатында осы жылдың наурыз айында заңнамалық түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, туристік автобустар үшін «жасыл дәліз» тетігі енгізіліп жатыр. Сондай-ақ визит-орталықтардың мәртебесі заң жүзінде бекітіліп, олардың қызметіне қойылатын талаптар айқындалды. Туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітіледі», деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Алматыға «Almaty Superski» жобасы не үшін керек?

Жаңартылған заңнамада балалар туризмі мен экологиялық демалысты дамытуға ерекше назар аударылған. Енді 18 жасқа дейінгі балалар ұлттық парктер аумағына тегін кіре алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Almaty Superski» тау шаңғысы курортын салу бойынша қоғамдық тыңдалым өтті. Талқылау барысында қолдау тапқан жобаны 2028 жылы желтоқсанда іске қосу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар