Қоғам • Бүгін, 11:35

105 елдің азаматтары Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

1 мин
оқу үшін

Отандық туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың Қазақстанға келуі мен елде болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

105 елдің азаматтары Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

Фото: istockphoto.com

Оның айтуынша, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп отыр.

«Қазіргі таңда 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар виза беру де ұйымдастырылған. IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды», деп атап өтті Ержан Сәденов.
Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер көбейді

Сондай-ақ әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар «туристік карталар» беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған.

Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Туристік полиция бөлімшелері 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген.

Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 мамыры мен 1 қазаны аралығында Қазақстан азаматтары жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына визасыз кіріп, елде транзитпен жүре алады немесе 30 күнге дейін бола алады.

Соңғы жаңалықтар