Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:48

Қайталанған сталкинг үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі

1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі сталкинг жасағаны үшін сотталған адамның жәбірленушіні қайтадан қудалаған жағдайларында жазаны қатаңдатуды ұсынып отыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайталанған сталкинг үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі

Фото: nippon.com

Қазіргі таңда сталкинг үшін:

  • 200 АЕК-ке дейін (865 мың теңге) айыппұл;
  • дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстары;
  • 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
  • немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты

Министр орынбасарының айтуынша, сталкинг туралы бапты қолдану тәжірибесі қолданыстағы шаралардың жеткіліксіз болуы мүмкін екенін көрсеткен.

Мысалы, Алматы облысы аумағында осы бап бойынша сотталған азаматтың сот үкімі мен қамауға алу жазасына қарамастан, жәбірленушіні қайтадан қудалауды жалғастырған жағдайы тіркелген.

«Біз оған қатысты қайтадан қылмыстық іс қозғадық. Алайда қайталану қағидаты мен бірнеше рет жасалу белгісі – тиімді жұмыс істеуді қажет етіп отырғанын көріп отырмыз», деді Санжар Әділов.

ІІМ ұсынысына сәйкес, егер адам сталкинг үшін бұрын сотталып, кейін қайтадан жәбірленушіні қудаласа, бұл жағдай «қайталанған құқық бұзушылық» ретінде ескерілуге тиіс.

«Біз бұл санатты орташа ауырлықтағы қылмыстар қатарына ауыстырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыруды жоспарлап отырмыз», деп қосты С. Әділов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселе Мәжіліс жанындағы жұмыс тобының алаңында талқыланып жатыр.

Бұған дейін сталкинг ісі бойынша тергелген Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны туралы айтылған.

Соңғы жаңалықтар