Қоғам • Бүгін, 16:41

Пулеметтен абайсызда оқ атылған: Талдықорғанда қаза тапқан сарбаздың ісі бойынша үкім шықты

1 мин
оқу үшін

Алматы гарнизонының әскери сотында Талдықорғандағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пулеметтен абайсызда оқ атылған: Талдықорғанда қаза тапқан сарбаздың ісі бойынша үкім шықты

2025 жылғы 23 қыркүйекте жеке құрамның қарумен жұмыс істеу барысында пулеметтен абайсызда оқ атылып, оның салдарынан оқ жарақатын алған қатардағы жауынгер Ә. Сейтқали қайтыс болды.  

Іс бойынша қадағалауды жүргізу барысында әскери прокурорлар қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға және дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған қажетті тергеу және процестік әрекеттердің толық жүргізілуін қамтамасыз етті.  

Өскемендегі сарбаз өлімі: Үш әскери қызметші қызметінен босатылды

Тергеп-тексеру барысында батальон командирінің орынбасары қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етпегені, сондай-ақ алдыңғы өткізілген атыстардан кейін қаруды толық тексеруді ұйымдастырмағаны анықталды. Соның салдарынан ұңғыда қалып қойған оқ әскери қызметшінің қаза болуына себеп болды.  

Сот талқылауының қорытындысы бойынша аталған лауазымды тұлға Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігімен (ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау) кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сарбаз өлімі: Сотталған жігіттің анасы сот шешімімен келіспейтінін айтты

Соңғы жаңалықтар