Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:17

Атырау мен Жамбылда ірі көлемдегі валюта тасымалының жолы кесілді

1 мин
оқу үшін

ҰҚК Қазақстаннан валютаны заңсыз шығарудың жаңа әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау мен Жамбылда ірі көлемдегі валюта тасымалының жолы кесілді

Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу бекетінде Қазақстан азаматының 299,6 мың доллар көлеміндегі декларацияланбаған қаражаты анықталды.

Келесі күні Жамбыл облысында 102,5 млн рубль алып шықпақ болған алты шетелдік азамат ұсталды.

Жыл басынан бері жалпы сомасы 6,9 млрд теңгені құрайтын ақша қаражатын заңсыз шығарудың 681 әрекеті тоқтатылған.

Соңғы жаңалықтар