Қазақстанның сақтандыру компаниялары 2026 жылдың басынан бері клиенттеріне 160,4 млрд теңге көлемінде төлем жасаған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға көп. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тарифтері қайта қаралуы мүмкін
Төлемдер көлемінің өсуіне қарамастан, сәуір айы сақтандыру саласы үшін шығынмен аяқталды. Ай қорытындысы бойынша сақтандыру нарығының жиынтық шығыны 2,1 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, жыл басынан бері сақтандыру ұйымдары оң қаржылық нәтижені сақтап отыр. Осы кезеңде олардың таза пайдасы 29,7 млрд теңгеге жетті.