04 Наурыз, 2015

Экстремизмді насихаттушылар сотталды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау облысындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экстремизмді насихаттағаны үшін екі адамға қатысты сот үкімі жария етілді. – Бұл сотталушылар ға­ламтор желісінен әртүрлі сайттар арқылы «қарулы жиһад» идеологиясын насихаттайтын материалдарды қарап алып, бұл соғыс қимылдары туралы бейне материалдарды діндес бауырларына ұялы телефонынан көрсетіп, насихат жүргізген, – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Енді, жоғарыда ай­тылғандай, басты сот тал­қы­лауында сотта­лушылардың алдын ала тергеуде және сот тергеуінде берген жауаптары салыстырыла отырып, зерделенді. Экстремизмді насихаттаушылар Қылмыстық кодекстің 233-1-бабының 2-бө­лігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысы 5 жыл мер­зімге бас бостандығынан айырылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.