06 Тамыз, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №767

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 30 шілде   Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 177 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Облыстық бюджеттердщ, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 177 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “011 “Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер”. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енпзіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.