Медицина • 27 Қаңтар, 2017

Дерек пен дәйек

7083 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дерек пен дәйек
  • 2005 жылдан бері Қазақ­стан экономикасына жұмсалған француз инвестициясының жалпы көлемі 13 млрд АҚШ долларын құрайды.
  • 2015 жылдың қоры­тын­дысы бойынша екіжақты сау­да айналымы 3,35 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 2,68 млрд, импорт – 670 млн доллар болды.
  • Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 130-ға тарта кәсіпорын сәтті жұмыс атқаруда, мәселен, «Total», «Areva», «Air Liquide», «Da­none», «Vicat», «PSA», «Alstom» сынды кәсіпорындар жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асырып келеді.
  • 2015 жылғы 16 шілдеден 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін Франция азаматтарына Қазақстанға қысқа мерзімге сапармен келу (15 күн) үшін визасыз режім ұзартылды.
  • Тұрақты түрде Фран­цияда тұрып жатқан этнос­тық қазақтардың қоғамдас­тығымен байланыстар бе­кі­тілді. Бірлескен мәдени және спорттық іс-шаралар өткі­зіліп тұрады. 2013 жылғы 18-19 мамырда Парижде Еуропа қазақтарының шағын құрылтайы өтті.
  • Қазір француз компанияларымен бірлесіп, жалпы мөлшері 1 млрд-тан астам АҚШ долларын құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ол жобалардың аясында мұнай өңдеу, машина жасау, инфрақұрылым, ғарыш секілді салаларды жандандыру көзделіп отыр.