Қысқы спорт • 28 Қаңтар, 2017

Алматыда Универсиаданың алғашқы күні басталды

3581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда XXVIII Бүкіләлемдік Универсиада басталады. Алғашқы сайыс хоккейшілер арасында өтеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Алматыда Универсиаданың алғашқы күні басталды

28 қаңтар күні Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия мен Жапонияның хоккейшілері медальға таласады.

Ерлер командасы Халық Аренада, ал әйелдер Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында бақ сынайды.

Шайбалы хоккей – ерлер

12:30 — Словакия – Ұлыбритания, топтық кезең.
16:00 — Жапония – Латвия, топтық кезең.
19:30 — Қазақстан – Қытай, топтық кезең.

Шайбалы хоккей – әйелдер

16:30 — Канада – Қытай, топтық кезең.
20:00 — Қазақстан – Ұлыбритания, топтық кезең.

Айта кетейік, «Халық Аренадағы» билеттің құны 500-700 теңгені, ал Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 300-500 теңгені құрайды.

Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиаданың ашылу салтанаты ертең, 29 қаңтар күні өтеді.