12 Қаңтар, 2016

Қарағандыда Ұлттық банк филиалының директоры тағайындалды

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-ShegenovҚАРАҒАНДЫ. 12 қаңтар. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк төрағасының бұйрығымен Қарағанды филиалының директоры болып Ғазиз Бақытжанұлы Шегенов тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ғазиз Бақытжанұлы Шегенов 1972 жылы туған. Білімі жоғары, 1994 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйесінде еңбек етіп келеді. Еңбек жолын жетекші экономист болып бастап, ҚР Ұлттық Банкі Қарағанды филиалының директоры қызметіне дейін жеткен. ҚР Ұлттық Банкінде қолма-қол ақшамен жұмыс жөніндегі департамент бдиректоры болып қызмет етті. 2012 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Ұлттық Банкінің Ақмола филиалын басқарған. 2014 жылдың наурызынан бастап тағайындалғанға дейін Астана қаласында ҚР Ұлттық Банкі Орталық филиалының директоры қызметін атқарды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.