12 Қаңтар, 2016

Қызылордада жоғалып кеткен бала табылды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-kyzylorda 01ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. Қызылордада жоғалып кеткен бала табылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 10 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің жедел жоспарлау басқармасына Қызылорда қаласының тұрғынынан 11 жасар інісі үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы жайлы хабарлама келіп түседі. Хабарлама бойынша жедел түрде оқиға орнына департаменттің және қалалық ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция және жол-патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Жасөспірімнің үйден кетіп қалу себебін анықтау мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп, іздестіру жұмыстарына 70-ке жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. 4 сағатқа созылған жұмыстар барысында сол аумақтағы көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары, өжірелері, кіреберістері, аяқталмаған құрылыс нысандары, қала орталығындағы ойын клубтары, мешіттер тексеріліп, көрген-білген адамдардан, сыныптас достарынан жауаптар алынды. Баланың үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар, барлық болжамдар жан-жақты қаралды. Нәтижесінде жасөспірім Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында бірге оқыған сыныптас досының үйінен табылды. Жасөспірімнің жағдайы «жақсы» деп бағалануда. Ол аман-есен туыстарына тапсырылды. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: svopi.ru.