12 Қаңтар, 2016

Ақтөбеде жаңа жылдық шырша тойы жалғасуда

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-01-2016-kazkhrom 01АҚТӨБЕ. 12 қаңтар. Ақтөбеде өткен Еуразиялық топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның президенттік шыршасына қатысуға 65 бала мүмкіндік алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хбарлады. Мерекелік шара Ақтөбедегі «Жер Жанаты» мәдени ойын-сауық кешенінде өткізілді. Қалыптасқан игі дәстүр бойынша үздік филиал жұмысшыларының белсенді әрі талантты бүлдіршіндеріне, сондай-ақ, көп балалы отбасының, «Қазмарганец» кен басқармасы, Дөң тау-кен байыту комбинаты, Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және компания басқарма аппаратының балаларына ұйымдастырушылар тамаша мереке сыйлады. Аяз Ата, Ақшақармен шырша жанында би билеп, ән айтқан балалар ертегілік қойылымды тамашалап, қызықты ойындар мен байқауларға қатысты. Балаларды компания президенті Виктор Тиль құттықтап, сый-сияпат жасады. Балалар үшін тосын сый мұнымен шектелмеді, кешке қарай олар Happylon және «Кинопарк» ойын-сауық паркінде болып, мерекені әрі қарай жалғастырды. Аталған кештен ұмытылмас ерекше әсерге бөленген балалар кезекті оқу тоқсанына тың күш-жігермен кіріспек. Президенттік шырша «Қазхром» ТҰК» АҚ әлеуметтік бағдарламасын дамыту аясында осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Осы уақытқа дейін оған 500-ге жуық бала қатысып, көңілді кештің қонағы болды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.