ТАРАЗ. 6 ақпан. Жамбыл облысында өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 179 жоба мақұлданған. Оның 102–сі елдімекендерде жүзеге асырылуда. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысында Бағдарламаның жүзеге асырылуы шеңберінде 2015 жылы жалпы сомасы 9 млрд. теңгені құрайтын бұл жобалар Аймақтық Үлестіру кеңесімен мақұлданған. Оларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2220,7 млн. теңге қарастырылған. Нәтижесінде бірқатар кәсіпорындар ашылып, инфрақұрылымдар жасақталды.
Бағдарламаның жүзеге асуы, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне үлкен серпіліс берді. Жоба басталғалы бері аймақта 11 мың жұмыс орындары сақталып, тұрақты 2800 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Мемлекетке 9,5 млрд. теңгенің салығы төленді.
Бүгінгі таңда бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі 12 банк кредиттік қолдау көрсетіп келеді. Атап айтсақ, өңірдегі 129 жобаны «Қазақстан Халық Банкі», 65 жобаны «БанкЦентрКредит», 47 жобаны «Форте банк» қаржыландырған.
Өткен жылы Бағдарламаның гранттық қаржыландыру құралы бойынша 7 жобаға 19,0 млн. теңге бөлінген.
Нәтижесінде түсті заттарды хромдау және алтын түстерімен бояу, отын брикетін шығару, эковата шығару, балларға пазл түрінде жұмсақ ойыншық жасау цехтары мен кәсіпорындары іске қосылған.
Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде өткен жылы 1715 кәсіпкерлік субъектісіне сервистік қызмет көрсетілді. Шағын және орта бизнестің негіздері бойынша 860 астам адам оқытылды.
Республикалық рейтингке тоқталатын болсақ, бес жыл қорытындысы бойынша, Жамбыл облысы келісімге қол қойылған кепілдік саны бойынша 2 орынды иеленді. Бағдарламаның «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бағытының, салалық шектеулерсіз екінші деңгейлі банк несиелерінің пайыздық ставкаларды субсидиялау құралы бойынша алғашқы үштікті қорытындылады.
Атап айтқанда, 2010 жылдан бері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 55,0 млрд. теңге 547 жоба Аймақтық Үлестіру кеңесімен мақұлданған.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz