06 Ақпан, 2016

Қазақстан кәсіпкерлікті дамытуда 29-шы орынға көтерілді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06.02.2016 AST-1 АСТАНА. 6 ақпан. АҚШ-тың Бостон қаласында GEM 2015/16 (Global Entrepreneurship Monitor) Жаһандық есептің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. GEM қорытындысы бойынша еліміз кәсіпкерлікті дамытуда 60 елдің арасынан 29-шы орынды алды. Еліміз 60 елдің арасынан жұмыс орындарын ашуда алтыншы орынды, кәсіпкерлердің қоғамдағы мәртебесі бойынша үшінші, адамдардың кәсіпкерлікті таңдауда төртінші орынды иеленді. GEM Жаһандық есептің сарапшыларының пікірінше, Қазақстанда кәсіпкерлікпен көбінесе 25-44 жас аралығындағы азаматтар айналысқысы келеді. «Бүгінде Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысқан адамдар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып жатыр. Әсіресе, жастар жағы бизнесті жеке өмірінде маңызды роль атқарады деп есептейді», делінген сарапшылардың есебінде. Қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында GEM Жаһандық есептің жұмысына қатысатын жалғыз мемлекет. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz 06.02.2016 AST