06 Ақпан, 2016

Әскери дәрігерлер оқушыға ота жасап, аяғын аман алып қалды

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 6 ақпан. 3 ақпан күні Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бетон қоршауынан құлаған 16 жастағы Мәдина Маратқызына Астана қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде ота жасалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазір Мәдина сол жақ сан жілік сүйегінің созылмалы остеомиелиті, құрт жеген деген  диагнозбен Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-клиникалық госпиталінде стационарлық ем қабылдап жатыр. Ал операция оның тобығына жасалды. Дәрігерлердің тілімен айтсақ, бұл тобық секвестрнекрэктомия отасы деп аталады. Осы операцияда хирургтер остеомиелиттік секвестрді алып тастады. Себебі, сүйек талшығы іріндей бастаған екен. Қазір бойжеткеннің жағдайы жақсы. Тобығы жазыла бастаған кезде протездеуге болады, дейді хирургтер. Жалпы, қызды емдеу 2014 жылдың қарашасында Талдықорған қаласының облыстық ауруханасында басталған болатын. Сол жерде оған сол жақ жіліншігінің ампутациясы көлемінде бастапқы ота жасалды. Дегенмен жара баяу жазыла бастайды.   Келесі жылы 13 наурызда тағы операция жасалады. Одан кейін қыз тағы мазасызданып, 25 қыркүйекте Алматы қаласының 4 қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылады.  Тағы операция. Соның кесірінен науқастың сол жақ жіліншігі жүйесінің созылмалы остеомиелиті, құрт жегісі пайда болады. Осыған байланысты, зардап шеккен қыздың анасы қызына медициналық көмек көрсетілу туралы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медицнналық басқармасына өтініш білдіреді. Анасының өтініші қабылданып, 12 қаңтарда бойжеткен госпитальге жатқызылады. Анасының өтінішінен кейін қызға  ота жасалып, қазір оның жағдайы біраз жақсарды. Бұл оқиға 2014 жылдың соңында болған. Мәдина Мараткызы Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бетон қоршауынан құлап, аяғын зағымдап алады. Сол кезде банкте шот ашылады. Оған ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, ведомстволық бағынысты құрылымдар мен бөлімшелер материалдық көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын есепшотқа аударып, зардап шеккен қыздың отбасына қаржылай көмек көрсетеді. Айта кететін нәрсе, әскери-медициналық мамандар қыз жарақат алған кезден бері барлық жағынан көмектесіп келеді. Бойжеткен ең бастысы бірінші қабаттағы пәтер іспетті бөлмеге орналастырды. Жаңа пәтер Мәдинаның жағдайын жақсартты. Мәдина 1999 жылы туған. 17-ге енді толады. Әскери дәрігерлердің қыздың болашағын ойлап, ота жасағандары үлкен сауапты іс болды деп ойлаймыз. Өйткені, қыз бала алдымен ертеңгі ана. Әрбір қыздың ойы жақсы жерге тұрмысқа шығып, бала сүю, ана болу. Ендеше, әскери дәрігерлерге істеріне тек сауаптан жазсын дейміз! Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ????????????????????????????????????