06 Ақпан, 2016

Өскеменде нұротандықтар праймериз өткізді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-02-2016 nur otan 2ӨСКЕМЕН. 6 ақпан. Өскемен қаласының 9 сайлау округі бойынша партияішілік праймериз өтіп, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар таңдалды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Праймериз «Нұр Отан» партиясының мүшелері арасынан танымал және беделді партия мүшелерін демократиялық жолмен алдын-ала іріктеу мақсатында өткізілді. Бұл шараға Өскемен қаласынан 963 дауыс беруші қатысты. Нәтижесінде облыстық мәслихат депутаттығына 9 кандидат таңдалып алынды. «Праймериз – әр партия үшін өте маңызды үдеріс. Партияның орталық аппаратымен бекітілген өзіндік жолы бар. Егер округте бірнеше бастауыш партия ұйымы болса, дауыс берушілер квотасы оның бірімен анықталады, ал егер жалғыз болса, ұйымның 50 пайыздан астамы праймеризге қатысуы тиіс», – деді «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов. Айта кеткен ләзім, 2 ақпанда партияның 18 аумақтық филиалында «Нұр Отан» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарды іріктеу бойынша партияішілік праймериз өтті. Партияның 18 аумақтық филиалынан облыстық мәслихат депутаттығына 34 кандидат ұсынылды. Праймериз қортындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясынан 43 кандидат облыстық мәслихат сайлауына өтті. Думан Анаш, Дерек, сурет: «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі. 06-02-2016 nur otan 3