07 Ақпан, 2016

Қарағандыда кикбоксингтен кәсіпқой жекпе-жектер өтті (фото)

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2ҚАРАҒАНДЫ. 7 ақпан. Қарағандыдағы «Достар әлем» қонақ үй кешенінде кикбоксингтен Қарағанды және Атырау облыстарының  командалары арасында кәсіпқой жекпе-жектер өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Спортсүйер қауымға қуаныш сыйлаған бұл шараны Қарағанды облыстық кикбоксинг және тай бокс федерациясының президенті, WAKO-pro-ның ресми өкілі Ерлан Сұлтанұлы Досмағамбетов ұйымдастырды. Доданың ашылу салтанатына арнайы келіп қатысқан Қазақстан кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Құтжанұлы Есентаев мұндай спорттық шараның саламатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосатынын атап өтті. Жалпы, командалық сайыс форматы бойынша өткен кәсіпқой жекпе-жектер елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Спорт жанашыры Ерлан Досмағамбетовтің айтуынша, болашақта коммерциялық бағыттағы мұндай турнирлер лайықты жалғасын тауып, дәстүрлі түрде өтетін спорт шарасына айналмақшы. Жекпе-жектер арасындағы үзіліс кезінде воркаут спортының «Bar bars pro» командасы өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, Ресейдің бірінші арнасындағы «Голос» шоу-бағдарламасына қатысып, танымал болған Беназир Ермағанбетова ән салып, жанкүйер қауымды желпінтіп отырды. Тартысты өткен жекпе-жектер нәтижесінде Қарағанды облысының спортшылары 4:1 есебімен жеңіске жетіп, қомақты сыйақыға ие болды. Кәсіпқой жекпе-жектер нәтижесі: (Жеңімпаздар бірінші жазылды) 51 кг. Лоу-кик. Жанәлі Сәлімгереев (Атырау) – Данияр Орал (Қарағанды); 57 кг. К-1. Сафар Ахмадов (Қарағанды) – Жандос Назарбеков (Атырау); 58,5-60 кг. Фул-контакт. Руслан Баязитов (Қарағанды) – Азамат Өтемісов (Атырау); 71 кг. Лоу-кик. Бақытбек Шынтемір (Қарағанды) – Әсет Мейірлан (Атырау), 81 кг. Лоу-кик. Михаил Татьков (Қарағанды) – Сағындық Қизатов (Атырау). Қайрат Әбілдинов. Дерек: egemen.kz. Сурет: ekaraganda.kz. 0 1 3 4 5 6 7