08 Ақпан, 2016

Елбасы қытай халқын ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылмен құттықтады

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-02-2016-kitay 01АСТАНА. 8 ақпан. Қытайдың жетекші ақпарат құралдары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қытай халқын ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесімен құттықтауын жариялады. Атап айтқанда, Қытай Коммунистік партиясының орталық баспа органы «Жэньминь жибао» газеті, осы елдің Мемлекеттік кеңес сайты, «Синьхуа» ақпарат агенттігі және тағы басқа ақпарат құралдары Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жариялаған. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қытай ақпарат құралдары жариялаған хабарламада: «4 ақпан күні Қазақстан Президентінің CITIC Group және басқа да Қытай компаниялары өкілдерімен кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаев барша қытай халқына «Чуньцзе» мерекесімен құттықтауын жолдады. Қазақстан басшысы алғаш рет осы елдегі Қытай компанияларының өкілдерімен кездесу өткізіп, қытай халқын Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылмен құттықтады», – делінген. Сонымен қатар, кездесу барысында Елбасы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қытай кәсіпорнына алғысын білдірді. Одан бөлек, ол Қазақстан үкіметі екі ел арасындағы прагматикалық ынтымақтастықты кеңейту саясатын одан әрі жалғастыра беретінін атап өтті. Еламан Қоңыр. Дерек: inform.kz. Сурет: easttime.ru.