08 Ақпан, 2016

Оңтүстікте ауылды қолдауға арналған жоба іске асып жатыр

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.02.2016 SHM-3 ШЫМКЕНТ. 8 ақпан. Биылғы жылы ауылдық жерлерде жұмыссыздықты азайту әрі кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы «Нұр Отан» партиясы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы өңірлерде белсенді іске асырыла бастады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ауыл тұрғындарына төменгі пайызбен алты миллион теңгеге дейін несие беретін жоба «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» арқылы жүзеге асырылады. «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстанда іске асырылған мал шаруашылығын дамыту Бағдарламасының оңды тәжірибесі негізінде жүзеге асуда. Осы бағдарлама аясында өңірде 34,5 мың тонна ет, 40,2 мың тонна сүт өндіріліп, 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Бұдан басқа, тұрақты түрде сүт өткізуден табыс алатын 30 682 адам қамтылған. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz 08.02.2016 SHM-4