08 Ақпан, 2016

Қызылордада ақбөкенді заңсыз аулаудың тағы бір дерегі анықталды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.02.2016 QZL-1 ҚЫЗЫЛОРДА. 8 ақпан. 30-31 қаңтар аралығында Қызылорда ОІІД жергілікті полиция қызметі nабиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар тұтқындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атап айтқанда, 31 қаңтарда сағат 22.10 шамасында Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылына қарасты «Бөгедек» учаскесінде мемлекеттік белгісі жоқ «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында салонынан екі дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен 72 дана мылтықтың патрондары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Сонымен қатар, автокөліктің артқы жүк салғышынан 7 дана ақбөкен аңына ұқсас өлі жануар денесі анықталды. Оқиға орнына Жалағаш АІІб-нің жедел-тергеу тобы шақырылып, тиісті жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 337-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz