08 Ақпан, 2016

Елбасы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Akorda 01АСТАНА. 8 ақпан. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Президенттер екі ел экономикасындағы ахуалды, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕурАзЭО) аясындағы және екіжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Ресей мен Украина қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен Минск уағдаластықтарын орындауды жалғастыру жайын қарастырды. Тараптар Ресей-Түркия қарым-қатынасының нашарлауына қатысты да пікір алмасты. Владимир Путин ахуалды Түркия жағы күрделендіргенін қайталап айтып, соған орай жағдайды түзеуге Түркия қадам жасауға тиістігін алға тартты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасы қазіргідей күрделі жағдайда сенімге, дәстүрлі достық пен тату көршілестікке негізделетінін айтты. Сондай-ақ, екі мемлекеттің лидерлері 2016 жылы ШЫҰ, ЕурАзЭО, Өңіраралық ынтымақтастық форумы және басқа құрылымдар аясында өтетін кездесулер кестесін талқылады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.