07 Ақпан, 2016

Оралда корейше жаңа жыл мерекесі тойланды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-02-2016-oral 01ОРАЛ. 7 ақпан. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласындағы Достық үйінде корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен корейше жаңа жыл мерекесі тойланды. Бұл туралы zhaikpress.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шараға қатысқан Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев корей ұлты өкілдерін дәл осы күндері аталып өтілетін жаңа жыл мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ералы Тоғжанов ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Батыс Қазақстан облысы корей этномәдени бірлестігінің ұжымына Қазақстан халқы ассамблеясының алғысхатын табыс етті. Аталмыш бірлестік төрағасы Максим Пактың айтуынша, Соллаль мерекесінде корей ұлтының өкілдері ең алдымен жасы үлкендерге құрмет көрсетеді. Бұл күні жастар қара шаңыраққа барып, ақсақалдарға сәлем беріп, батасын алады. Шара барысында ұлттық киімдерін киген корейлер өз салт-дәстүрі мен өнерлерін көрсетті. Темір Құсайын. Дерек, сурет: zhaikpress.kz.